Түркістан облысында мал азығы тапшылығын алдын алу шаралары жүргізілуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қажеттілік болған жағдайда мал азығын сатып алу үшін шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Сарыағаш, Келес аудандарының шаруалары да зардап шеккен болатын. Енді оларға мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды. Берілетін несиенің шарттары бойынша жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайды. Кәсіпкерлік сертификат талап етілмейтін болды. Өңірде осы күнге дейін 4,2 млн тонна мал азығы жиналып, жоспар артығымен орындалған.

«Мал азығымен қамтамасыз ету – аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Сондықтан оған тікелей жауап бересіздер. Барлық шаруашылықтарды зерделеп, сараптама жасау керек. Егер ауданда шешілмейтін, облыстық деңгейдегі мәселе болса, бізге шығыңыздар. Көмектесейік. Қаржы ұйымдарымен келісіп отырмыз, қажет болса, төмен бағамен несие берейік. Ұлттық парк аумақтарына мал жаюға рұқсат алып бердік. Тағы да қолдау керек болса, ол жағын да қарастырамыз. Жергілікті аумақтарда ауыл шаруашылығы саласын дамыту, бақылау аудан, қала әкімдерінің міндеті. Жұмысты ширатыңыздар», - облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Аймақ басшысы сондай-ақ, тиісті басқарма мен аудан, қала әкімдеріне мал азығы тапшылығын жою, осы саладағы мәселелерді реттеу жөнінде тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар