Түркістан облысында мақтаға ортақ баға белгіленеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Жетісай және Мақтаарал аудандарының әкімдері зауыт басшыларымен кездесіп, мақта бағасын нақтылау мен тұрақтандыру жайын талқылады. Кездесуге сондай-ақ, жергілікті депутаттар мен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары  және 11 мақта өңдеу зауытының басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда биылғы күзгі мақта теру науқанының барысы, мақта қабылдау бекеттерінің бүгінгі жай-күйі мен ақ алтын бағасы сөз болды. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, мақта бағасын көтеру әрі нақтылау мәселесінде зауыт басшыларын ортақ шешімге келуі тиіс. Әрі бұл шешім шаруаларға да тиімді болуы керек. Сондай-ақ, аудан басшысы мақта қабылдау бекеттерін талапқа сай жұмыс істеуге, күзгі жиын-терімді тиімді ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

nullЖергілікті зауыт басшылары алдағы бірер күнде баға мәселесін ақылдасып, шаруаға да, зауытқа да тиімді ортақ баға белгілеуге өзара келісім жасауға уағдаласты.

Айта кетейік, әзірге өңірде мақта теру науқаны басталған. Жергілікті зауыттар ақ алтынның бағасын тоннасына 170 мың теңгеден белгілеген болатын. Бәсекелестік ортада мақтаның бағасы 200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар. 

Соңғы жаңалықтар