Түркістан облысында қызметін мінсіз атқарған полицейлер марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Оған ардагерлер пен аудан әкімі Бақтияр Мамаев, жергілікті ішкі істер қызметкерлері мен қайтыс болған полицейлердің туыстары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шарада сайрамдық тәртіп сақшыларын құттықтаған аудан басшысы ел тыныштығын күзеткен қызметкерлерге жемісті еңбек, отбасыларына амандық тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының 26 жылдығын мерекелеуге орай өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қиын да жауапты жұмыстарында жақсы нәтижелерге қол жеткізген 30-ға тарта тәртіп сақшысы облыстық Ішкі істер департаменті мен аудан әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының грамоталарымен марапатталды.
null 

Жиында сөз алған Сайрам аудандық ІІБ-ның бастығы Ермахан Абдраманов қоғамдық тәртіпті сақтау барысында атқарылған ауқымды шараларды баяндап өтті.

«Полиция қызметі тәуекелмен байланысты екені бәрімізге белгілі. 26 жыл бойы полиция қызметкерлері еліміздегі тыныштық пен тәуелсіздікті сақтау жолында талмай еңбек етуде. Ауданымызда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің қолдауымен тәулік бойы жұмыс істейтін 23 бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды. Аудан көлемінде 15 учаскелік полиция бекеті ашылып, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар атқарылуда»,- деді Сайрам аудандық ІІБ бастығы Ермахан Абдраманов.

null
null 

Шараның марапаттау рәсімінен кейін полиция қызметкерлеріне концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық әндер орындалды.

null 

Соңғы жаңалықтар