Түркістан облысында қызғалдақ құлпырып тұр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында далалы жерлерде қызғалдақ кілем секілді құлпырып тұр. Даланың сәні болған гүлді тамашалаушылар оның әсемдігіне сүйсінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызғалдақ - табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын гүл. Ерекше әсем көркімен дараланатын өсімдік болғандықтан, оны тамалаушылар азайған емес.null

Дәл осы күндері далаға саяхатқа шыққандар гүлдің кереметіне тамсануда. Тіпті жолдан өтіп бара жатқан жолаушылар да еріксіз аялдап, өсіп тұрған қызғалдақтар ортасында суретке түседі.null

Өйткені көктем шыға көздің жауын алып, қала мен далада құлпырып жайнайтын қыр гүлі төңірегіне көрік беріп тұр. Жер бетінде гүлдің түрі көп десек, көктем гүлі қызғалдақ тіршілік жаңарған шақта жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейді екен.

null null null

null null

Соңғы жаңалықтар