Түркістан облысында қылмыстық топ көлік және компьютер ұрлығымен айналысып келген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тәртіп сақшылары көлік және компьютер  ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Екі күдікті қараша айында ұсталса, тағы екеуі Алматы қаласы мен Сайрам ауданында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы тұрғындарынан құралған топ қылмысын Сайрам ауданында жасап келген. Алдымен ойынхананың 9 компьютерін, кейіннен мектептің 7 ноутбугын қолды еткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде топтың төрт мүшесі де ұсталды. Жеке тұлғаларын анықтау барысында олардың бұрын сотталғаны мәлім болды.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ ұрланған заттарды сатып алып отырған Түркістан облысының тұрғынын да қолға түсірді. Қазіргі таңда осы топтың 20 ұрлық дерегіне қатысы бары және жәбірленушілерге 10 млн теңгеден аса шығын келтіргені анықталып отыр.

Айғақты заттар тәркіленіп, сезіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» және 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын иеленіп алу» бойынша сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде.

null null null 

Соңғы жаңалықтар