Түркістан облысында құжатсыз көлік айдаған түлектер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы рейдтік шарасы кезінде құжатсыз көлік айдап жүрген 3 мектеп бітіруші ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектептер мен көшелерде тексеру жұмыстарын күшейтті. Әсіресе, жас түлектердің қызық қуып, қандай да жол ережесін бұзбауы, тау-қырға шығамыз деп, апатты жайттарға тап болмауы қатаң қадағалауға алынды. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған мектеп бітіруші 3 жасөспірімнің құжатсыз автокөлік жүргізгенін анықтап, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Жасөспірімдер айдаған екі көлік ресейлік нөмірмен болған», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік айдаған 2 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жауапқа тартылды.

«Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды. «Соңғы қоңырау» күніне арналған арнайы рейдтік шара түнгі мезгілде де жалғасады», - деп толықтырады облыстық ПД баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар