Түркістан облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының кәсіпкерлері егіншілікпен белсенді түрде айналысып, мемлекет тарапынан берілген барлық мүмкіндікті пайдаланып келеді. Шаруалар үшін «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС күзгі дала жұмыстарын да қаржыландыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылы шаруаларды қолдау бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 318 млн теңгеге 4 жоба қаржыландырылған. Осындай шаруа қожалықтарының бірі «Бердібай» қожалығы бидай өсіру үшін жеңілдетілген қаражат алды. Сондай-ақ, қожалық иесі асыл тұқымды жылқы, ірі қара мен қой өсірумен айналысады. Бүгінгі таңда шаруашылықта 378 бас түрлі асыл тұқымды жылқы, 306 бас ақбас ірі қара және 4 360 бас қой бар. Биыл құрғақшылықтың салдарынан бидай мен арпаның өнімділігі өте төмен болып шыққан.


Сондықтан барлық өнім өзінің мал шаруашылығы кешенін жем-шөппен қамтамасыз етуге бағытталған. Өткен жылы шаруашылықта 400 тонна бидай, 390 тонна арпа, 500 тонна мақсары жиналған. Сондықтан, қожалық басшылығы қыркүйек айында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 150 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының Бәйдібек ауданында орналасқан шаруашылықта 5 мың га астам алқапта күздік бидай егуге жер дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС арқылы Бәйдібек ауданында биыл жалпы сомасы 738 млн теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.


Соңғы жаңалықтар