Түркістан облысында құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ордабасы АПБ-не арызданып келген жергілікті тұрғын өзінің құс өсіретін фабрикасына белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 102 дана күркетауығын жымқырып кеткенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТҮркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған күркетауықтың әрқайсысының құны 11 мың теңгені құрайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион теңгеден астам.

Аталған жайтты ордабасылық полицейлер ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарына кірісті.

Ұрыларды ұстауға жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары ақпарат көздері мен бейнекамера арқылы 2 күдіктіні қолға түсірді. Күдіктілер Бадам ауылының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ұрыларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, аталған 2 күдікті ұрлықты жоспарлы түрде ұйымдастырған. Сонымен қатар күдіктілер бұл іске басқа сыбайлас 2 азаматтың қатысы барын айтты. Сондай-ақ полицейлер қылмысты түнгі 4:00 шамасында жасағандары белгілі болды. Бүгінгі таңда 2 күдікті қамауда. Оның бірі бұрын ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыс жасап, сотты болған. Қазіргі таңда күдіктілердің сыбайластарына қатысты іздестіру амалдары жүруде.


Соңғы жаңалықтар