Түркістан облысында күн электростанциясы іске қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болып, халықты газ, жарық пен жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалармен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Айнұр Қазақпарат (14.10.2020 22:44):

Созақта күн электр станциясы іске қосылды


СОЗАҚ.ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі​ Өмірзақ Шөкеев жұмыс​ сапарымен Созақ ауданында болып, халықты газ, жарық пен жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таукент және Қыземшек кенттерін жылумен қамтамасыз ететін орталық 4 мекеме мен 39 көпқабатты тұрғын үйді, 180 жеке үй мен 9 бюджеттік мекемені мазут отынымен жылытып отыр. Мұнда 279 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі сапары барысында Шолаққорған ауылындағы АГТС магистральды газ құбыры-тармағын салу» жобасының жұмысымен дн танысты. Газ құбырының ұзындығы​ – 43,809 шақырым. Созақ ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылады.



Созақ ауданындағы тағы бір ауқымды инвестициялық жобалардың бірі Шолаққорған ауылында орналасқан «ЮКСЭС-50» ЖШС күн электростанциясы. Күннен қуаттанатын станция бүгінде іске қосылып, оо үшін аудандағы индустриалды аймақтан 120 га жер берілген. Қауіпсіз энергия көздерін дамытуға бағытталған үлкен жоба аясында жүзеге асқан жаңа станцияда заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар қойылған. Жобалық құны 24 млрд теңгені құрайтын станцияның өндірістік қуаты 50 мВТ. Мұнда да 30 адамға тұрақты жұмыс орны ашылған.

Аймақ басшысы сондай-ақ, Созақ ауданына жасаған жұмыс сапарында «Жастар ресурстық орталығының» жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Замануи жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимарат соңғы үлгіде салынған. Облыс басшысы жаңа орталықтың ашылуына орай шаңырақ көтерген жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктерін табыс етті.


Соңғы жаңалықтар