Түркістан облысында көші-қон заңын бұзған 360 шетелдік анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында еліміздің көші-қон заңын бұзған 360 шетелдік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16-20 қаңтар аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері «Мигрант» профилактикалық іс шарасын өткізді.

«Заңсыз көші-қонды анықтау мақсатында өткен шара барысында Қазақстанға келу, болу және кету қағидаларын бұзған - 360 шетелдік пен 63 ҚР азаматы анықталды. 222 құқықбұзушылық бойынша ескерту, 25 әкімшілік айыппұл салынып, 157 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 19 азаматы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Полиция департаментінің қабылдап-тарату мекемелеріне құжаты жоқ - 19 адам орналастырылды. 136 шет ел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылды.

Шетелдікті заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен - 46, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған - 17 Қазақстан азаматы анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ елден шығару туралы сот шешімін орындамауға қатысты 5 жайт анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар