Түркістан облысында коронавирустың таралуы күн санап күшеюде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында коронавирустың таралуы күн санап күшеюде. Жыл басынан бері 400-ден аса індет жұқтыру фактісі тіркелсе, соңғы тәулікте 129 адам вирусқа шалдыққаны анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтағы инфекциялық ауруханаларда бүгінде 148 науқас ем қабылдап жатса, реанимациялық бөлімшелерде 18 адам бақылауға алынған.

Облыста аурудың белең алуы эпидемиологтарды да қатты алаңдатып отыр.

Осыған орай өңірдегі медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры жинақталып, қосымша төсек-орын дайындалуда.

Шектеу шаралары да күшейтіліп, қоғамдық орында жаппай бетперде тағу талап етіле бастады.

Мамандар әсіресе облыс орталығында науқастар көбейіп бара жатқанын айтады.

«Науқастардың ең көп тіркелгені Түркістан қаласында, мұнда 33 адам індет жұқтырған. 23 адам Төлеби ауданында, 17 адам Кентау қаласында коронавирусқа шалдыққан. Қалған аудандарда 5-6 жағдай анықталған. Науқастар көп жағдайда орви, пневмонияға шалдыққандар. Одан кейін эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша қарым қатынастары бар 10 шақты ауру тіркеліп отыр»,- дейді облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов.


Соңғы жаңалықтар