+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Түркістан облысында коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

2020 жылғы 1 шілде 15:42
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген сарында жалған ақпарат таратылған. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, деп мәлімдеді Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Ұқсас жаңалықтар
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды Қазақстанда бір күнде 155 науқас коронавирустан жазылып, үйіне оралды Өткен тәулікте 76 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

«Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату« бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз», делінген хабарламада.

Осы ақпаратты «WhatsАpp» желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT