Түркістан облысында коронавирус жұқтыру соңғы екі күнде тіркелген жоқ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетті.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Қазір ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас аталған індеттен ем қабылдауда.

Жалпы, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бос тұр. Пневмония және тұмаумен 85 адамға ем көрсетілуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірде коронавирус инфекциясы барлығы 3322 адамнан анықталды. Оның 3168-і бүгінгі күні сауығып шықты. Қайтыс болды - 44 науқас.

Жалпы облыста 130 061 азаматтан коронавирусқа ПТР-сынама алынды.


Соңғы жаңалықтар