+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған бесінші науқас та Жетісай ауданының тұрғыны екені анықталды

2020 жылғы 1 сәуір 12:32
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған бесінші науқас та Жетісай ауданының тұрғыны екені анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған бесінші науқас та Жетісай ауданының тұрғыны екені анықталды.

Бұл туралы онлайн брифингте облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастардың төртеуі бір отбасының адамдары екені анықталған.

«Жетісай ауданында алғашқы тіркелген науқастың үйіндегі үш адамнан да сынама алған болатынбыз. Олардың бәрінен алынған сынамалар оң нәтиже берді. Одан бөлек бесінші науқас та осы Жетісай ауданының тұрғыны болып табылады. Алматы қаласында іс-сапарда болған. Ол да келіп, ауруханада емделіп жатқан. Клиникалық белгілері бойынша сынамалар алынған кезде оң нәтиже берген. Қазіргі таңда олармен қарым-қатынаста болған 41 адам есепке алынып, емдеу мекемелеріне оқшауланды. Зертханалық сынамалар алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда»,- деді Нұрбек Нышанов.

Аталған департаменттің мәліметінше, қазір науқастар мен қарым-қатынаста болған адамдар дәрігерлердің бақылауына алынған. Жағдайлары қанағаттанарлық дәрежеде. 31 наурыз күні дезинфекциялық қызмет науқастардың тұрған үй-жайларын дезинфекциялау және санитарлық өңдеу шараларын өткізген. 31 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай аудандық орталық ауруханасында ем алуда.

«Өңірде Covid -19 коронавирустық инфекциясынан қолайсыз елдерден келген 495 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 «а» санатындағы елдерден келгені - 9 адам, 1 «б» санатындағы елдерден келгені - 486 адам бар. Инфекция ошағында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, басқарма мамандарымен және облыстық инфекционист дәрігермен эпидемиологиялық зерделеу жұмыстары мен індетке қарсы шаралар кешені жүргізілуде. «Ұлттық сараптама орталығы» Түркістан облысы бойынша дезинфекциялау орталығы күштерімен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT