Түркістан облысында коронавирус таралуының алдын алу мақсатында ауқымды шаралар іске асырылуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында коронавирус індеті таралуының алдын алу мақсатында ауқымды шаралар жүргізілуде. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары қолға алынып, облысқа кіреберістегі бекеттерде жолаушылардың денсаулығы тексеруден өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданында COVID-19 коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында құрылған жұмысшы топ жергілікті базарларды аралап, мониторинг және түсіндіру шараларын жүргізді. Мониторинг барысында азық-түлік бағалары тексеріліп, базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі түсіндірілді. Алдағы уақытта өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізіліп, ауданда сақтық шаралары қатаң бақылауда.

Ал, Түлкібас ауданында Жамбыл облысынан кіреберістегі «Шақпақ» бекетінде және тоғыз жолдың торабында орын тепкен Түлкібас вокзалында жолаушыларды тексеру шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда күре жолдың бойында ашылған арнайы бекеттерде 7 полиция, 34 медицина қызметкерлері тәулігіне 24 сағат арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Соңғы мәліметке сәйкес, Шақпақ бекетінен 15358 жолаушы өтсе, Түлкібас ТЖ бекеті арқылы 695 азамат тексерістен өткен. Жолаушылар қатарында коронавирус дертін жұқтырғандар анықталмаған. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытты жүйелі түрде жалғасады және аудан әкімдігінің қатаң бақылауында болмақ.


Соңғы жаңалықтар