+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Түркістан облысында көпірлер күрделі жөндеуден өтіп жатыр

2019 жылғы 18 қазан 21:56
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында көпірлер күрделі жөндеуден өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 412 көпір орналасқан. Қазіргі таңда көпірлердің техникалық жағдайына қарай жөндеуді қажет ететін көпірлерге сметалық құжаттамалар әзірленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 11 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген.

Ағымдағы жылы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 5 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын көпір; Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі көпір; Шардара ауданы, Көксу ауылындағы көпір; Келес ауданы, Ошақты ауылындағы көпір; Кентау қаласы, Теке ауылындағы көпір.

Жоғарыда аталған 5 көпірдің 2-еуінде (Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын) жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 3 көпірдің жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.

Алдағы уақытта көпірлерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT