Түркістан облысында көпбалалы отбасына ауылдастары үй алып берді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары көпбалалы отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінге күнге дейін 5 бала-шағасымен баспана жалдап күнелтіп келген Естебековтер отбасы жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алатын болды.

Бұл игі іске қоңсы тұратын ауылдастары ұйытқы болған.

Жерлестері баспана алып беруге ниеттеніп, қаражат жинағанмен, межелеген сомаға жеткізе алмапты.

Бұл істен хабардар болған аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан азаматтық танытып, қажетті қаржының жартысын берген.

Жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алған көп балалы отбасы да қуанышқа кенеліп, игі іске ұйытқы болған жерлестеріне алғыс айтты.

Айта кетерлігі, бұл - Бәйдібек ауданында қайырымдылықпен беріліп жатқан 13 үй.

Сауап іздеген жомарт жандар мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап, азық-түлік алып беруге ұдайы қол ұшын созып келеді.


Соңғы жаңалықтар