+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Түркістан облысында көпбалалы отбасылар АӘК қаржысына кәсіп ашуда

2020 жылғы 3 ақпан 15:18
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында көпбалалы отбасылар АӘК қаржысына кәсіп ашуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмектің қаржысын тиімді пайдаланып, кәсібін кеңейтіп келеді. Жетісайлық тұрғын киім тігетін шағын цех ашса, сарыағаштық тұрғын саңыраулық өсіруді қолға алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісай ауданы, Қ. Сәтбаев елді мекенінің тұрғыны Жанар Мачанова бүгінде үйінің бір бөлмесін шағын тігін цехына айналдырып, өзінен бөлек, қолының ебі бар тағы бір ауылдасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Осыдан 10 жыл бұрын тігіншілікті кәсіп еткен көпбалалы ана өткен жылы 4 перзентіне 460 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алған. Осы қаржыға Шымкент қаласынан әрқайсысы 185 мың теңге тұратын 2 тігін машинасын сатып әкелген. Қазіргі таңда ол киімдерді өңдеп, қысқартып қана қоймай, тапсырыс бойынша қазақы киімдер мен қыз жасауларын да дайындап береді. Күн санап тіккен киімдері көпшілікке таныла бастаған келіншек округтегі тігіншілікке қызығушылық танытып, үйренемін деушілерге қосымша оқу курстарын да өткізуде.

Ал, сарыағаштық тұрғын Амангелді Рахынбаев тұрғын үйінің бір бөлмесін арнайы жасақтап, саңырауқұлақ өсірумен айналыса бастаған. 36 жастағы отағасы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 490 920 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алған. Төрт баланың әкесі Амангелді алдағы уақытта жеке кәсібін одан әрі дамытып, отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартқысы келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT