Түркістан облысында көмекке мұқтаж оқушылар тізімі жасақталып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы «Мектепке жол» акциясының негізінде 4 мыңнан аса балаға көмек көрсетілген болатын. Бүгінде көмекке мұқтаж балалардың тізімі дайындалып жатыр», - деді Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев.

Айтуынша, әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау үшін рейд жүргізілмек. Рейдтердің қорытындысы бойынша тізімдер жасалады. Бұл тізім білім беру органдары мен демеушілерге беріледі.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғалия Әмірәліқызының айтуынша, тізімдер ата-аналардың келісімімен жасалады және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, акция аясында сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Мектепке жол - шекарасыз жақсылық» ұранымен өткелі отырған акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асады. Мұқтаж жандарға көмектесуді, сондай-ақ демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез келген тұрғын Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының байланыс орталығына (+7 707 684 71 00) хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар