Түркістан облысында көліктен 9,5 миллион теңге ақшаны қолды қылғандар ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысында көліктерді тонап жүрген күдіктілер ұсталды. Тергеу барысында олардың бір көліктен 9,5 миллион теңгеден асатын ақша мен заттарды тонап кеткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға шағымданған. Айтуынша белгісіз біреулер көлігінен қомақты қаражаты мен сағатын және құжаттарын ұрлап әкеткен. Жәбірленуші қолды болған заттардың шығыны 9,5 миллион теңгеден асатынын жеткізген.

Аталған қылмысты ашу мақсатында Сарыағаштағы тәжірибелі полицейлер санатынан жедел-тергеу тобы құрылып, жедел-тергеу шарасымен автокөлік ұрысы іздестірілді. Жедел уәкілдер көшедегі бейнебақылау камерасының бейнежазуымен, басқа да шараларды қолданудың нәтижесінде сезіктілердің біреуін қолға түсірді. Ал қылмысқа қатысқан ұрылардың екіншісі тек бір ай ішінде ұсталды.

Тұлғаларын тексеру барысында олардың Шымкент қаласының тұрғыны екені, бұған дейін де басқа көліктен 200 мың теңгеге жуық қаржыны жымқырған ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Олар автокөлік терезесін сындырып, бағалы заттар мен ақшаларды алып, жасырынып келген. Полицейлер ұрланған мүліктердің бір бөлігін заңды иесіне қайтарды. Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар