Түркістан облысында көлік жылқыларды соғып, 2 жолаушы ауруханаға түсті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында трасса бойында кетіп бара жатқан жылқларды көлік соғып, 2 жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Түлкібас ауданына аумағындағы «Батыс Қытай –Батыс Еуропа» тасжолының 611-шақырымында болған. Алматы бағытына кетіп бара жатқан «Hyundai Elantra» көлігі бірнеше жылқыны соққан.

«Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен көрінді. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып. Оқиға орнында үш жылқы өлген. Мал иелері іздестірілуде»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар