Түркістан облысында көлік қаққан бүлдіршін мерт болды
2019 жылғы 12 қараша 16:09
Бөлісіңіз:

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Ордабасы ауданында кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, қайғылы жағдай кеше кешкісін Бадам ауылында болған. Балабақша жасындағы баланы «Опель вектра» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Оның Ордабасы ауданының тұрғыны екені анықталды.
«Жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін ешқайда кетпеген. Ол қазір көлік уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиға ҚР ҚК-нің 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы« бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Салтанат Қаракөзова. Загрузка...
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
- Жаңа Орлеанда кибершабуылға байланысты төтенше жағдай жарияланды
- Батыс Қазақстанда кеніштен өрт шығып, вахта қалашығы отқа оранды
- 3 көлікті қаққан мас жүргізуші: Полиция түсінік берді
-
«Хан Шатырда» бутик өртенді
-
Францияда дауыл салдарынан 110 мыңнан астам үй жарықсыз қалды
Загрузка...
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER