Түркістан облысында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Жетісай-Шардара автожолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысқан. Салдарынан жолаушылар мен жүргізуші ауыр жарақаттанып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін шамамен сағат 14:30-да болған.

«Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымында, Кетебай ауылының бойында «Нексия» және «Лада-Vesta» маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нексия» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta» көлігінің 1 жолаушысы қаза тапты. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар