Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қарқынды жүргізілуде. Келес ауданында биыл 24 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанмен шекаралас ауданда 1300-ге жуық техника көктемгі дала жұмыстарына қатысуда. Ағымдағы жылы шаруаларға 1040 тонна жанармай қажеттілігі анықталып, сұраныс толығымен қанағаттандырылған. Оның 233 тоннасы ақпан, 156 тоннасы наурыз және 291 тоннасы сәуір айларына бөлінген. Қалған 360 тоннасы қосымша өтінім болған жағдайда босатылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, ауданда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бір жерден 2-3 рет өнім алу жобасы қолға алынып отыр. Осыған байланысты бүгінде 8 ауылдық округтегі 130 шаруа қожалығы 706,7 гектар егістік жерді дайындады. Мұнда озық технологияны қолдана отырып, жыл соңына дейін тағы қосымша 70 жобаны іске асыру көзделген.

Одан бөлек, аудандағы ағын су тапшылығын болдырмау және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру мақсатында «Араншы-1» су арнасын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жыл соңына дейін каналдың 2,2 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілмек. Жалпы, ауданда ұзындығы 172,9 шақырым болатын 22 су арнасы мен 7 қашыртқы қалпына келтірілмек.


Соңғы жаңалықтар