Түркістан облысында көктайғақтан көліктердің жүруі қиындай түсті

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы жолдарды жаңбырдан соң көктайғақ басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн райының бұзылуына байланысты Түркістан облысындағы жағдай күрделене түсті. Жаңбыр соңы көктайғаққа ұласып, көліктердің жүруі қиындап барады. Тіпті, республикалық маңызы бар жолдарда да көлік қозғалысына шектеулер қойылып жатыр.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 19:00-ден бастап «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» тасжолының 593-632 шақырымындағы учаскеде көлік қозғалысы тоқтаған. Түлкібас ауданында күн суытып көктайғақ болуына байланысты Машат ауылының тұсында автокөліктің барлық түріне жолдар жабылған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де көктайғаққа қатысты видеолар тарап жатыр.

Солардың бірінен Жамбыл мен Түркістан облыстарының шекарасындағы көктайғақтан қозғала алмай тұрған көліктерді көруге болады. Ал, бір жолаушы тасжолда сырғанып, мұздың қауіптілігін көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар