Түркістан облысында көкпар ұйымдастырушыларға тосқауыл болмай тұр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында көкпар ұйымдастырушыларға тосқауыл болмай тұр. Сарыағаш ауданында мобильді топ пен полиция қызметкерлері кезекті профилактикалық жұмыс кезінде көкпар өтіп жатқанын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде қазығұрттық тұрғынның көкпар өткізіп жатқаны белгілі болған.

Ұлттық ойынға 100-ге жуық адам жиналған.

Сонымен қатар карантин шектеулеріне қарамастан Сарыағаш қаласында компьютерлік ойын клубы жұмыс істеп тұрған.

Ойынхана иесі де анықталып, оған қатысты әкімшілік айыппұл салынған.

«Аталған жайттарға байланысты көкпар ойынын ұйымдастырушысына және ойынхана иесі мен ойынхана әкімгеріне карантин талаптарын орындамағаны үшін іс-құжаттар рәсімделген. Карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған азаматтарға қатысты құжаттар Сарыағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар