Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаған тұрғындар жауапқа тартылуда. Сарыағаш пен Қазығұрт аудандарында көкпар ұйымдастырғандар мен той өткізгендерге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерімен өткен жылы карантиндік талаптарды сақтамаудың 789 дерегі тіркеліп, СЭС-ке жолданған. Оның ішінде құқықбұзушылықтарын бірнеше рет қайталаған 4 жәйт анықталған. Атап айтқанда, аудан орталығындағы тойханалардың бірі карантин режимін және шектеу шараларын 2 рет бұзған. Ал, азық-түлік дүкенінің иесі карантин талаптарын бұзуды бірнеше рет қайталап, оған тиісті көлемде аййыппұл салынған. Көршілес Қазығұрт АПБ-ның полиция қызметкерлерінің де рейдтік іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынның көкпар ұйымдастырғаны анықталды.

«Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша тиісті іс-құжаттарды жинақтап, СЭС-ке жолдады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар