Түркістан облысында қоғамдық көліктер дезинфекцияланып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру нұсқаулығын орындау мақсатында, Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ-нің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта, ұдайы облыстағы теміржол және автобекеттердің ғимараттарын, пойыз вагондары мен қоғамдық көліктердің ішкі салондарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде облыста тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін 44 тасымалдаушы мекеме 1300 дана қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Жалпы облыста 6 үлкен автовокзал, 26 кіші автобекет, 4 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» әлеуметтік маңызы бар облысішілік теміржол бағыттарына «Қаламаңы тасымалы» АҚ қызмет көрсетуде.

Айта кетерлігі, рейс алдындағы медициналық және техникалық тексерулерсіз кез-келген орындардан жолаушыларды жинап, заңсыз жүретін қоғамдық көліктер адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіруде. Оған қоса мұндай қоғамдық көліктерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмеуі мүмкін. Сондықтан, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тек қана өңірдегі автовокзалдар мен автобекеттердің қызметін пайдаланып, заңсыз жолаушылар тасымалынан аулақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар