Түркістан облысында Қоғамдық даму басқармасы басшысының екі орынбасары тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Қоғамдық даму басқармасы басшысының екі орынбасары тағайындалды. Бұл қызметтерді Даурен Сариев пен Қайрат Абуов атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Дәурен Нұрланұлы 1990 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша білім алған. 2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысының ішкі саясат басқармасының идеологиялық жұмыстарды насихаттау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы; 2019 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Ал, Қайрат Базарбекұлы 1984 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді маман 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы, 2011 жылы – «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық қатынастар» магистрі бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің іс-жүргізушісі болып бастаған. 2012-2019 жылдары Шымкент қалалық №6 емханасының экономисі; ОҚО дін істері басқармасының бас маман-ревизоры; Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы; ОҚО дін істері басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маманы; Түркістан облысының дін істері басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы; Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар