+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түркістан облысында киімін алып кетуге келген келін енесімен төбелесіп қалған

2020 жылғы 15 қыркүйек 15:51
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында киімін алып кетуге келген келін енесімен төбелесіп қалған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кимін алып кетуге келген келін енесімен және қайынсіңлісімен төбелесіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода келіні мен енесі тіпті бір-біріне қол көтеріп, шаш жұлуға дейін барғаны түсіп қалған. Оларды ажыратпақ болып жүрген азаматшаның киімі жыртылып, екеуі де жерге құлағанын көруге болады.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде аталған жайттың 29 тамыз күні Арыс қаласында болғанын анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Арыс АПБ 102 пултіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын айтқан. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген.

Ол аталмыш дау бейнежазбаға түсіріліп, мессенджер арқылы тарағанын және абыройына нұқсан келгенін хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгенде төбелес басталғанын анықтаған.

«Келіні мен енесі өзара келіспей дау шығып, жаға ұстасқан. Тіпті, бір-бірінің киімін жыртып, дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT