Түркістан облысында кей бекеттерде әлі де бензин мен дизель тапшылығы бар

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында жанар-жағармайдың заңсыз тасымалына қарсы күрес күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Әбдіразақованың сөзіне сүйенсек, өңірдегі мұнай сақтау қоймаларында АИ-92 маркалы бензинінің 9 мың 752 тоннасы, дизельдің 15 мың 723 тоннасы бар.

Мұнай өнімдері талонсыз және шектеусіз сатылып жатыр.

«Қазақстан темір жолы» АҚ арқылы Түркістан облысына биылғы сәуір айының басынын бері 328 цистерна АИ-92 маркалы бензині және 549 цистерна дизель отыны келген.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензині мен дизель отыны тапшылығы бойынша аз-кем деректер анықталған.

Ол олқылықты жою бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдегі жанар-жағармай тапшылығының алдын алу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жайы күн тәртібіне қойылып, кең көлемде талқыланды.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құзырлы орган басшылары мен жауапты басқармаға жанар-жағармайдың заңсыз тасымалына қарсы күресті күшейтуді тапсырды.

«Жергілікті атқарушы органдар мұнай өнімдерінің бар-жоғы мен бағасына күн сайын мониторинг жүргізуі қажет. Ішкі нарықта жанар-жағар май мен сұйылтылған газ тапшылығын болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдансын. Мемлекет басшысы инфляцияны осы жылдың қорытындысымен 2 есеге төмендетуді тапсырды. Азық-түлік бағаларын төмендету, негізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстарына тұрақты түрде мониторнг жүргізу қажет» – деді, Дархан Сатыбалды.

Соңғы жаңалықтар