Түркістан облысында кенемен күрес күшейтіледі

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында кенемен күрес шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемгі кезеңде Түркістан облысында 1,4 млн бас ірі мал мен 4,5 млн бас ұсақ мал залалсыздандырылған.

Мамандардың сараптау қорытындысы иньекциялаудың оң нәтиже бергенін анықтады. Қазір маңызды шараның екінші кезеңі басталады.

Бұл тұста үйіргелік қора-жайларды залалсыздандыруға басты назар аударылмақ.

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін анықтау бойынша аудан, қалаларда тиісті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылған.

Сондықтан сала мамандарының жұмыстары қатаң қадағалауда болады.

Сондай-ақ, конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерді қорғау бойынша жоспарлы шаралар биыл да жалғасады.




Фото: angarsk38.ru


Соңғы жаңалықтар