+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Түркістан облысында келін түсіріп, құдалық өткізгендер азаймай отыр

2020 жылғы 15 қазан 14:00
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында келін түсіріп, құдалық өткізгендер азаймай отыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Карантин шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының полиция департаментіне слітеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте құдайы тамақ ұйымдастырғандар айыппұл төлейді Павлодарда кальян барына келгендер тексерушілерден әжетханаға тығылған Шымкентте қыз ұзатуға жиналған 100-ге жуық қонақ үйіне қайтарылды

Мәселен, Түркістан облысы Отырар ауданында карантин талаптарын өрескел бұзған 2 бірдей тұрғын анықталды. Оның бірі өз үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, беташар тойын жасаса, екіншісі өз үйінде құдалық өткізген.

Аталған екі жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеуге алынып, іс-құжаттары жинақталып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд кезінде дәл осындай шектеу ережелерін ескермеген екі тұлға анықталды.


Екеуі де аудан мейрамханаларында қыз ұзату тойы мен құдалық жиынын өткізген. Өз кезегінде той иесі мен заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзған тойхана иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 425-бабымен құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жіберілді.

Облыс полицейлерінің айтуынша, карантин кезінде той-жиын, басқосу, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса маска режимі мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT