+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Түркістан облысында кеден бекеттері жаңартылуда

2019 жылғы 12 қазан 23:26
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында кеден бекеттері жаңартылуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында шекаралық кеден бекеттердің аумағын кеңейту мен толық қайта техникалық жарақтандыру, өткізу қабілеттілігін ұлғайту жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде департаменттің баспасөз хатшысы Баян Тұлғабаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баян Тұлғабаеваның сөзінше, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Түркістан облысы Келес ауданындағы транзиттік бағыттағы маңызы зор «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетін қайта құру жұмыстары басталған.

«Бұл жоба іске қосылған кезде автокөліктердің кіріп-шығу жолақтары 2 ден 6 жолға дейін (3 жолақ кіру, 3 жолақ шығу бағыты) ұлғайып, бақылап-өткізу жұмыстары жеделдетіледі және тауар тасушы автокөліктерінің өту саны 200-ден 1000-ға дейін ұлғаяды. Жоспар бойынша құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың мамыр айы», - деді департаменттің баспасөз хатшысы.

Қазіргі таңда жоспарға сәйкес, қайта құру жұмыстарының алғашқы кезеңі жүргізілуде. Осыған орай, департамент тарапынан шекаралық кеден бекетіне баратын жолдарда жүк автокөліктердің шоғырлануын болдырмау мақсатында, аталған кеден бекеттен өтетін жүк тасымалдаушыларға облыстың басқа шекаралық кеден бекеттерінен өту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, шекаралық кеден бекеттерге баратын аймақтың маңызы бар жолдарда «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетінде құрылыс жүріп жатқаны туралы ақпараттық билбордтар орнатылған.

Сонымен қатар, жүргізушілер үшін департаменттің ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетінде құрылыс жұмыстарының жүруі себебінен Түркістан облысында орналасқан «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» кеден бекеттерінен өтуге болатындығы туралы ақпарат жарияланған.

Сондай-ақ, департаменттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде өткізу пунктерінде кезекте тұрған жүк автөкөліктерінің саны туралы ақпарат күнделікті екі рет (таңертеңгі және кешкі) хабарланады.

Көшпелі брифинг аясында БАҚ өкілдеріне Сарыағаш ауданында орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары таныстырылды. Биыл қазан айының басында басталған әрлеу жұмыстары ай соңында аяқталмақ. Кеден бекетіндегі ғимараттарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT