Түркістан облысында қайырымды жандар ауылға емхана мен мешіт салып берді

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылында амбулаториялық емхана мен мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының т өрағасы, бас мүфти Наурызбай қа жы Тағанұлы қатысты.

Бас мүфти әлемге дүрбелең салған індеттің алдын алу барысында емхананың және қажетті дәрі-дәрмектің болуы аса қажет екендігіне тоқталды. Сондай-ақ емхананың аға дәрігері Нурали Яқуповқа ғимарат кілтін табыс етіп, қайырымды һәм ерікті жандардың көмегімен ашылып отырған амбулаториялық емхананың орны ерекше екендігін атап өтті.

Айта кетейік, бұл емханаға 2430 адам тіркелген. Оларға медициналық алғашқы көмек көрсетіледі. Емханада 5 дәрігер жұмыс істейді.

Амбулаториялық емхана құрылысы Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданы Арыс ауылдық мешітінің ерікті жамағатының көмегімен салынып, пайдалануға берілді.




Соңғы жаңалықтар