Түркістан облысында қай саланы жемқорлық жайлаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеті көбінесе қай салада анықталады. Бұл сұраққа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Хәкім Көшқалиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 7 айдың ішінде біздің облыста 57 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың ішінде 21 парақорлық, 4 алаяқтық және 18 жымқыру әрекеті. Облыста сыбайлас жемқорлық әрекетінен көш бастап тұрған сала - тұрғын-үй қатынасы. Ол бойынша 12 қылмыс, екінші орында полиция органдары 9 қылмыс, одан әрі білім саласы 8, әлеуметтік қызмет 7, жер қатынастары 6 және құрылыс саласында 5 қылмыс тіркеліп отыр. Әрине барлық жемқорлық әрекеттер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп, әр істің ақ-қарасы қаралды. Сонымен қатар, жемқорлық әрекет орын алған ұжыммен түсіндіру жұмысы өткізіледі. Ондағы мақсат – сыбайлас жемқорлық әрекетін ендігі уақытта болдырмау», - деді Хәкім Көшқалиев Antikor Live жобасының тікелей эфирінде.

Сондай-ақ, департамент басшысы жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарының жиі ұйымдастырылатынын алға тартты.

«Жыл басынан бері жеке өзім 43 азаматты түрлі сұрақтар бойынша қабылдадым. 2021 жылдың 7 айында 1 мыңнан аса түрлі арыз-шағым келіп түсті. Күніне азаматтардан 6-7 шағым келіп түсіп жатады. Әрине, біз кезегімізде халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымына сай, тиісті жауапты шұғыл түрде беруге тырысамыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар