Түркістан облысында кәсіпкерлер көбейген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мемлекеттен көмек алып, кәсібін жүргізіп жатқан тұрғындар көбейіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңатар ауылының тұрғыны аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш білдірген. Бұл отбасыға үй құстарын асырап, оны дамыту үшін 1 млн 300 теңге қаржы тағайындалған. Алғашқы тағайындалған 362 мың теңгеге бұл отбасы көршілес Сайрам ауданындағы Қарабұлақ елдімекенінен 80 бас тауық сатып әкелген.

Қазір таңда үй құстарының санын көбейтіп, етін базарларға саудалауда. Ал, жетісайлық кәсіпкер Нұрболат Дінтаев алғашқыда тек нан пісіруді қолға алған болатын.

Ол бүгінде «Жастар жылы» аясында жылдық үстемесі 1 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие алған. Яғни, мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдікпен 2 млн теңгеге қол жеткізіп, цех ауқымын кеңейткен. Қазіргі таңда өзі тұратын Асықата кентінің 3 тұрғынын тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Оның цехынан дәмді торттардың 10 түрі және тәттілердің 15 түрін шығуда. Жас кәсіпкер алдағы уақытта облыс көлемінде нарыққа шығып, сауда нүктелерін ашсам деп отыр.

Соңғы жаңалықтар