+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістан облысында кәсіпкер он айда 31 тонна ет өндірді

2019 жылғы 21 қараша 14:52
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында кәсіпкер он айда 31 тонна ет өндірді

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солардың бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. Оның ішінде 400 мал басқа арналған қора-жайы дайындалып, жем-шөп сақтайтын қоймасының құрылысы аяқталған. Жеке меншігіндегі 10 гектар егістік жерінен жоңышқа егіп, қазіргі таңда өнімін жинап алған. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты – мал басын көбейту үшін үлкен көлемде несие алып, ет өнімін экспортқа дейін шығару.

Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов қазіргі таңда «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер 1000 бастық мал бордақылау фермасын салу жобасына қатысуда.





Айта кетейік, аудандық «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің іс-шарасында аудан әкімі Бақыт Асанов Т.Сырайловты «Озат мал бордақылаушы» номинациясы бойынша марапаттады. Кейіпкеріміз 10 айдың қорытындысы бойынша 31,5 тонна ет өндірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT