Түркістан облысында кәсіпкер екі отбасына үй салып берді

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысында кәсіпкер Сырым Ертаев өз қаржысы есебінен екі отбасына үй салып берді. «Қайып ата» ЖШС басшысы әрі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азамат көпбалалы жанұяларға осындай қайырымдылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірген екі отбасы бүгінде жаңа баспаналарына қоныстанды. Қазақстанда ет экспортының әлеуетін көтеріп, шетелге ет тасымалдап жүрген Сырым Ертаев өз кәсібі арқылы өзге де ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр. Осылайша, ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына шынайы ел патриоты ретінде енгенін ісімен дәлелдеді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына атсалысуды көздеп отырған кәсіпкерге Қазығұрт ауданының тұрғындары дән риза.

Қазіргі таңда аталған ауданда қайырымдылық жасау шаралары жиілеп отыр. Мәселен, жуырда ғана еліміздегі 11 миллионыншы қазақтың отбасына аудан әкімдігі жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Мұхтар Әбдірахым Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанда туған 11 миллионыншы қазақ болып тіркелген. Мұхтардың әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысады. Анасы Шолпан Күдербекова - мектепте мұғалім. Үйлі болған отбасы ел азаматтарына алғыстарын айтты.

null

Сондай-ақ, жергілікті депутаттар Қазығұрт ауылдық округінің тұрмысы төмен 30 отбасына демеушілік жасап, азық-түлікпен көмек көрсетті. Аудандық «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігі облыс және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй-жиһаздарын және азық-түлік алып берген. Қайырымдылық іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар