Түркістан облысында карантиндік шектеу туралы қаулыға өзгеріс енгізілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына бірқатар өзгеріс енгізілді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құжатқа сәйкес, мал базарлары санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс жасайтын болды.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін «Кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес атқару міндеттелген. Аталған қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы талап етіледі.

Бұдан бөлек, аудан және қала әкімдері мен облыстық Полиция департаментінің бастығына, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына осы қаулының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылған.


Соңғы жаңалықтар