Түркістан облысында карантинді күшейту жөнінде жаңа қаулы қабылданды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандар және ХҚО жұмыс күндері сағат 9.00-18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мереке күндері ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жұмысы тоқтайды.

Облыс аумағындағы ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер қызметіне рұқсат етіліп, қоғамдық көліктің (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, отыратын орындар саны бойынша 50% толтырумен, уақыт бойынша 9.00-23.00-ге дейін шектеумен) қызметіне рұқсат етілді.

Ал, діни объектілер маска кию режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебімен алаң бөлінген жағдайда мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада ұжымдық діни іс-шаралар (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиялық дұғалар және басқалар) өткізуге рұқсат етілді.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтаған 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағажайларға, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға болатыны хабарланды.

Облыс аумағындағы аудан, қала әкімдері, қоғамдық денсаулық басқармасы басшылығына 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық екпе жасау тапсырылды.

Профилактикалық екпе жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту міндеттелді.

COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) офлайн режимде жұмысқа жіберу шектелетін болды.

20-22 шілде аралығында Құрбан айт мepeкeci күндері коронавирустың алдын алу шараларын жүргізу алгоритмі толықтырылып, қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндеттелді.


Соңғы жаңалықтар