+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция

2020 жылғы 8 тамыз 23:49
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада карантин талабын бұзған түнгі клуб сегіз рет жауапкершілікке тартылды 8 айда өсімдіктер карантиніне қатысты 2,7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды - АШМ Таразда той тыйылмай тұр: Заң бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

Сайтта жарияланған ақпараттарға қарағанда, жаз мезгілі келіп, күн ысыған сайын өзен-көлдер мен каналдарға барып суға түсушілер көбейеді. Алайда Түркістан облысының бас санитария дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, карантин талаптарын қатаң ұстану үшін сонымен бірге әр азамат өз денсаулығын сақтау мақсатында шомылу маусымынан уақытша бас тартқаны жөн.

«Дей тұрғанмен бүгінгі таңда бетпердесіз жүрген азаматтардан бөлек, карантинге бағынбай, бас қосу арқылы суға түсіп заң бұзғандар саны азаяр емес. Осындай олқылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты полиция басқармалары мен бөлімдері орналасқан аудандарда рейд жұмыстары күшеюде»,-делінген хабарламада.

Мәселен, Бәйдібек ауданының полицейлері рейд кезінде карантин талаптарына қарамастан, суға шомылып жүрген 55 азаматты анықтады. Тәртіп сақшылары оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттама толтырды.

Дәл осындай жайт Сарыағаш ауданында да болды. Сарыағаштық сақшылар ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 69 азаматты ұстады. Сондай-ақ оларға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT