Түркістан облысында карантин талаптарын бұзудың 150 фактісі анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантин талаптары 150 рет бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылдың желтоқсан айының 28-і мен 2021 жылдың қаңтар айының 3-і аралығында коронавирус індетінің өршіп, карантин талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында облыста ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 144 құқықбұзушылық жасалғаны анықталды. Оның ішінде 19-ы облыс орталығы Түркістан қаласына тиесілі.

Мобильді топ өкілдері Түркістан қаласы Т.Нышанов көшесі бойында орналасқан үлкен сауда орындарының бірінде келушілер арасында арақашықтық сақталмағанын, сатушылардың медициналық қолғапсыз жұмыс атқарып жатқанын анықтады. Одан бөлек, Түркістан қаласындағы компьютерлік ойынханалардың бірі карантиндік шектеулерге қарамастан ойынхананың жұмыс істегенін және иесінің өзі медициналық бетпердесіз жүргенін анықтады. Ал осы ойынханаға келген екі тұрғын бетперде тақпай жүрген.

«Қазіргі карантин талаптарын бұзған тұрғындарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға (СЭС-ке) жіберілді.

Сондай-ақ полицейлер тойханалар мен мейрамхана, кафе-барларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда заңды шара қолданылатыны туралы ескертті»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар