Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды: Қандай шектеулер бар

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы карантиндік шектеу мерзімі 8 маусымға дейін ұзартылды. Мұндай қаулыны өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес, азаматтардың Түркістан облысына кіріп шығуына және көліктердің қала мен аудандардың арасында еркін жүруіне тыйым салынған.

Сондай-ақ, серуендеу кезінде бетпердені тағу міндеттеліп, қандай да бір отбасылық іс-шараларды өткізуге де шектеу қойылды. Ал, жерлеу шарасын өткізу кезінде 20-дан астам адамның жиналуына жол берілмейді.

Өңірдегі кәсіпкерлік субъектілеріне ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеулер қойылған. Көпшілік жиналатын орындар мен сауда және ойын-сауық орталықтарының, тамақты шығарумен және жеткізіп беру объектілерінен басқа қоғамдық тамақтану объектілерінің, моншалар (кабинкаларынан басқа) мен сауналардың, мал базарларының, жеке және 15 адамға дейінгі оқу-жаттығу процестерінің жүргізуін қоспағанда спорт кешендерінің қызметін тоқтату міндеттелген.

Әзірге діни нысандары да жабылып, қызметіне тыйым салынып отыр. Медициналық орталықтар мен стоматологиялық клиникаларға тек сақтық шараларын жүргізіп қана жұмыс істеулеріне рұқсат беріліп отыр. Десе де, облыс аумағындағы азық-түлік және өзге де базарлардың сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болып шешілді. Халыққа қызмет көрсету нысандары да күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр.

Екінші деңгейдегі банктердің жұмысы да сақтық шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болды.

Бұдан өзге, қала ішілік қоғамдық көліктер сағат 07.00- 21.00-ге дейін жолаушы тасымалдайды. Қоғамдық тамақтану орындары өз бетінше шығару немесе тапсырыспен жеткізу режимінде сағат 08.00-ден сағат 22:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан өңірлерінде карантинді алып тастау мерзімдері ұзартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар