+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Түркістан облысында карантин кезінде той жасаған 7 тойхана жабылды

2021 жылғы 10 сәуір 01:50
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында карантин кезінде той жасаған 7 тойхана жабылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мобильді топтар құрылған. Олардың жалпы саны - 104, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік полицейлер 90 адам жиналған тойды тоқтатты Таразда 50 адамға арналған той таратылды Карантин: Шымкентте 150 адам жиналған той таратылды

Жыл басынан бері мобильді топ құрамы мен полиция қызметкерлері 87730 нысанды аралап, 1745-нен карантин талаптарын бұзғаны анықталған.

Талапқа бағынбаған 7 тойхана мен 1 компьютерлік клубтың жұмысын уақытша тоқтату бойынша сот шешімі шықты.

Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.

«Карантин талаптарын сақтамағандардың қатарында жеке кәсіпкерлер саны - 46, заңды тұлғалар - 2, лауазымды тұлғалар - 26, жеке тұлғалар - 1671. Тыйым салынған 235 мерекелік іс-шара тіркелді. Сондай-ақ, 51 көкпар ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көпшілік орында бетперде тақпау, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимін сақтамауы сынды деректер тіркелуде. Мәселен, бір күннің ішінде Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында 7 отбасылық мереке ұйымдастырылған. Жалпы нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425 бабының 1-бөлігі бойынша 98 580 015 теңге айыппұл салынды. Сондықтан барша облыс тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырамыз», - деді Асқар Бекболатұлы.

Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері кәсіпкерлердің жұмысына жеңілдік жасап, тұрғындар үшін тамақтану орындарының жұмыс режимін 9:00-23:00-ге дейін ұзарту туралы қаулы шығарған болатын.

Дегенмен, қаулыда көрсетілген уақыт режимін сақтамаған 75 қоғамдық тамақтану орындары анықталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT