Түркістан облысында карантин кезінде 6 мың волонтер көмек көрсетуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 6 мың азамат волонтерлік жұмыстарға жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жастардың қолғабыс етуімен 92 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетіліп, 4300 азық-түлік себеті мен 73 мыңнан астам медициналық бетперде таратылған.

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Жастар ресурстық орталығы жоспарланған түрлі іс-шараларды кейінге шегеріп, волонтерлік негіздегі жұмыстарды жүзеге асыруда. Барлық аудан-қалаларда медициналық бетперделерді тарату және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік себетін тарату бойынша облыстық Жастар ресурстық орталықтарының ерікті жастардан құралған арнайы волонтерлар жасағы осы уақытқа дейін қарқынды жұмыстар атқаруда. Кентау мен Арыс қалалары, Төлеби, Сайрам ауданы мен Шымкент қаласында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар үйіне, мектеп-интернаттарына 10 мыңға жуық медициналық залалсыздандыру сұйықтықтары мен тазартқыш құралдары, сондай-ақ қорғаныс бетперделері мен қажетті заттар жеткізілді. Өңірдің еріктілері көп реттік қорғаныс бетперделерін тігу мен дизенфекциялау жұмыстарына, блокпосттардағы қызметкерлерге ас әзірлеу мен көмектесу жұмыстарына да белсенді атсалысуда.


Соңғы жаңалықтар