+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда

2021 жылғы 24 қаңтар 02:11
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы уақытша жабылған облыстық және республикалық жолдарда көліктер қар құрсауында қалып қойған. Бұл ретте облыстық ТЖД қызметкерлері тарапынан құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында көлік қозғалысы шектелді Павлодар облысындағы бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу салынды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы арасындағы Шымкент-Самара тас жолы бойында 17 ауыр жүк автокөлігіндегі 34 адам мен 86 жеңіл автокөліктегі 296 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды.

Бұл жұмыстарға ТЖД-нің 1 техникасы мен 7 жеке құрамы жұмылдырылған. Ал, Қызылорда облысының ПД-не қарасты ЖПП қызметкерлері 2 кіші қоғамдық жолаушы автокөлігіндегі 20 адамды қар құрсауынан құтқару жұмыстарын жүргізді.

Сол сияқты Созақ ауданының Таскөмірсай елдімекеніндегі жол бойында ТЖД «АҚЖ» (АСО) қызметкерлері 1 жеңіл автокөлік пен 4 адамға құтқару шараларын атқарған. ТЖД қызметкерлері мен Созақ және Бәйдібек ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан Одаман бұлақ асуындағы 23 адам қар құрсауынан қауіпсіз орынға жеткізілген.

Кешкі сағат 20:05 минутта Шымкент қаласы ТЖД 1 техника (урал вахтовка) 4 жеке құраммен және Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 техника (урал, погрузчик) Бәйдібек ауданында қар көшкінінде қалып қойған адамдарға құтқаруға шықты.

Осылайша, өңірде жалпы саны 107 техникамен 377 адам (оның ішінде 75 балалар) құтқарылған. Қазіргі таңда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, қала, аудандардағы жедел ден қою жасақтары дайындыққа келтірілген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT