Түркістан облысында қар құрсауынан көлік жолаушылары құтқарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қар құрсауынан көлік жолаушыларын құтқарып, дәрігер мен науқасқа көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 00:05 шамасында қатты боран соғып, бұрқасын жел тұрған. Салдарынан көктайғақ болып, жол көрінбеген. Ал, «Қошқар ата – Жарықбас – Бірлік» тасжолының жабылуына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынған. Соған қарамастан бір көліктің жолдың осы бөлігінде тұрып қалғаны анықталған. ТЖД-ның 4 құтқарушысы жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен «Шаян – Кеңестөбе» трассасының 20-шы шақырымында жолаушылары бар автокөлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарған. Сөйтіп, 3 адам құтқарылып, олар ары қарай сапарларын жалғастырған.

Түнгі сағат 02:40-та құтқарушыларға тағы шақырту түскен. Олар жол талғамайтын көлікпен облыстық аурухананың дәрігеріне Ақтас ауылында тұратын науқасқа жетуге көмектескен.

«Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін құтқарушылар дәрігер мен науқасты жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған Бірлік (70 км) ауылына жеткізіп тастаған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар