Түркістан облысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полиция іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасына 700-ден аса полиция мен мен басқа да қызметтердің өкілдері қатысты. Нәтижесінде полицейлермен жалпы 104 қылмыс ашылды. Оның ішінде 19-ы бұрын жасалған қылмыс. Сондай-ақ іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Бұдан бөлек, есірткіге қатысты 2 күдікті ұсталып, 3 азаматтан заңсыз қару тәркіленді.

Шара барысында полицейлер жалпы 3 196 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, қоғамдық орындарда мас күйде болған және ішімдік ішкен 147 ұсақ бұзақылықты тіркеді. ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 127 жайт тіркеліп, 5 адам арнайы қабылдау орнына жөнелтілді.

Ал, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 600-ден астам жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты асырған 81 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетуіне қатысты 14 оқиға тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар