Түркістан облысында із-түзсіз кеткен әйел басқа қалада қыдырып жүрген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төркініне келген келіншек жоғалып кетіп, Шымкент қаласынан қыдырып жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Келес аудандық полиция бөліміне хабарласқан жергілікті тұрғын, үйіне қыдырып келген тұрмыстағы қызының із-түзсіз жоғалғанын айтқан. Алғашқыда жақындары мен ата-енесі іздеп, әрекеттенген. Нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Аталған жайтты келестік полицейлер бірден тіркеуге алып, жоғалған келіншекті іздестіре бастайды. Іздестіру жұмыстарына учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Олар әйел туралы такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыра бастыған.

«Нәтижесінде полицейлер бейнекамера арқылы келіншектің автокөлікке отырып, Шымкент қаласына қарай кеткенін анықтады. Бір тәулік ішінде іс-түзсіз кеткен жас әйел мегополисте қыдырып жүрген жерінен табылып, жақындарына жеткізілді. Тергеу барысында анықталғандай, небәрі 6 ай бұрын отау тіккен ерлі-зайыптылардың арасында өзара кикілжің болған. Соның салдарынан ашуға бой алдырған келіншек ешкімге айтпастан үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бүгінгі таңда арнайы мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ол үйіне қайтарылды», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар